Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есеп береді.";
5) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық комиссияның жұмысы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір реттен сиретпей Комиссияның төрағасы айқындайтын мерзімдерде отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
