Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 21) тармақшасына, 83-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.1. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылсын.
2. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына 1-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 27.09.2016 № 341; 13.06.2018 № 701; 30.10.2018 № 782; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 30.12.2020 № 482; 29.06.2021 № 608; 01.06.2022 № 905 (01.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Шипп Денис Алексеевич | - | Төраға |
мүшелері: | ||
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - | "Қазақстанның заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Нұрбеков Айдын Маратұлы | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |
Сисенова Нұрия Оралжанқызы | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |
Жакулин Әскербек Бейсембекұлы | - | Ақмола облыстық сотының судьясы |
Мырзалиев Жеңісбек Сәбетбекұлы | - | Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы |
Архарова Жаңылсын Баянқызы | - | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы |
Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы | - | заң ғылымдарының докторы |
Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы | - | Атырау облыстық сотының судьясы |
Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлы | - | Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты |
Сағиденов Ғұлар Ғаббасұлы | - | Павлодар облыстық сотының судьясы |
Цай Олеся Юрьевна | - | Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы №2 аудандық сотының судьясы |
Шаров Ғафур Хамзеұлы | - | Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы |
Қалишева Жаннетта Ғайсақызы | - | "М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" АҚ Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша) |
Кеңес құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) кіреді.
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына 2-ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күші жойылған жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 482-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 11) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы № 74 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 440-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 664-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).
7. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 676 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 832-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).
