Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығы.


      "Президент пен Үкімет актілерінің

      жинағында" жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекiтiлсiн. U000378

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
N 1167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.13 N 428 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 18.02.2016 № 196; 31.10.2016 № 366; 19.03.2019 № 884 (ҚР Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      Басшылық

      Ішкі аудит бөлімі

      Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі

      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім

      Қаржы-экономикалық бөлім

      Күрделі құрылыс бөлімі

      Заң бөлімі

      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі

      Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету бөлімі

      "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады