1. "Жезказганредмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жасалған N 96/ЕFЕ 005 контрактiге сәйкес 1996 жылы 1000 грамм тұрақты (радиоактивтi емес) осмий-187 моноизотоп (поликристалл түрiндегi) әкетуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
алғашқы саудаластықта жоғарыда аталған көлемдi сатудан босатып,
өнiмдi әкетуге лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк белгiлеген тәр-
тiппен экспортталатын көлемге бақылауды жүзеге асырсын.
Премьер-Министрдiң
орынбасары
