1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 102-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Қорғанысмині | 2026 жылғы тамыз | Қ.А. Әбубәкіров |
2. | "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2026 жылғы тамыз | А.Д. Мұстабеков |
3. | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
4. | "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | М.Д. Қожахмет |
5. | "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
6. | "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы | КМ | 2026 жылғы тамыз | Қ.Р. Дайырбеков |
7. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
8. | "Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы | ҚНРДА | 2026 жылғы тамыз | Н.А. Тұрсынханов |
9. | "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы | ҚНРДА | 2026 жылғы тамыз | Н.А. Тұрсынханов |
10. | "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
11. | "Мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай, кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
12. | "Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ж.С. Шарабасов |
13. | "Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы тамыз | Е.Д. Кочетов |
14. | "Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
15. | "Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ж.С. Шарабасов |
16. | "Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-129/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
17. | "Клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің материалдарын және оларды жүргізу шарттарының Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті зертханалық практиканың (GLP) талаптарына сәйкестігін бағалауды фармацевтикалық инспекция шеңберінде жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-181/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
18. | "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
19. | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
20. | "Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-257/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
21. | "Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
22. | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-324/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
23. | "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
24. | "Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
25. | "Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
26. | "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
27. | "Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
28. | "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ- 75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
29. | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
30. | "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
31. | "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
32. | "Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы № ҚР ДСМ-94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
33. | "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы" Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
34. | "Қазақстан Республикасының ересек халқына гематологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы және "Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау, донордан реципиентке трансплантаттау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-207/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
35. | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
36. | "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
37. | "Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы | ТЖМ | 2026 жылғы тамыз | К.А. Тұрсынбаев |
38. | "Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Еңбекмині | 2026 жылғы тамыз | В.В. Шегай |
39. | "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Еңбекмині | 2026 жылғы тамыз | В.В. Шегай |
40. | "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Еңбекмині | 2026 жылғы тамыз | В.В. Шегай |
41. | "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | Еңбекмині | 2026 жылғы тамыз | В.В. Шегай |
42. | "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ж.С. Шарабасов |
43. | "Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
44. | "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
45. | "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
46. | "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
47. | "Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы тамыз | Ш.Қ. Ақпарова |
48. | "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
49. | "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
50. | "Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
51. | "Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
52. | "Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
53. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
54. | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімділік беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
55. | Ғылым бағыттары және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
56. | Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды сұралатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық тұрғыдан негізділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
57. | Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы венчурлік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
58. | Ғылыми қалашық пен ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегияларының іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
59. | Ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
60. | Ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
61. | Ғылыми қалашыққа қатысушыларды тіркеуді, тiркеу туралы құжат пен нысанды беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы тамыз | Г.І. Көбенова |
62. | Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға және азаматтық авиациялық персоналды даярлауға аэронавигациялық қызмет көрсетудің мемлекеттік өнім берушісі аударымдары есебінен және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы авиациялық персоналды даярлауды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы тамыз | Т.Т. Ластаев |
63. | Дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға сараптама жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, оның тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу және тіркеу, өндірушінің бағасына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
64. | Референс-орталық қызметінің тәртібін, референс-орталыққа мәртебе беру немесе оны кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы тамыз | Т.М. Мұратов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
КМ – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚНРДА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ОМ – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
ТМЖ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
