"Қазақстан Халық Кеңесі туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 98-ө Өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актіні қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Конституциялық заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы "22" маусымдағы
№ 98-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Халық Кеңесі туралы" 2026 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с№

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

2026 жылғы маусым

Е.Д. Кочетов

2.

"Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

2026 жылғы маусым

Е.Д. Кочетов

3.

Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентін бекіту туралы

Қазақстан Халық Кеңесінің шешімі

Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы
(келісу бойынша)

2026 жылғы қыркүйек

Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады