"Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қойылған мақсат шеңберінде Кеңеске:
қорғаныс саласындағы:
1) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
2) мемлекеттік материалдық резерв;
3) азаматтық қорғаныс;
4) қорғанысты көліктік қамтамасыз ету;
5) аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету;
6) қорғаныс мүддесінде аумақтарды жедел жабдықтау;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс;
8) әскери-техникалық саясат;
9) шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық;
қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы:
1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау;
2) мемлекеттік органдарға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесі бойынша, жеке және заңды тұлғаларға өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттау, кері экспорттау, импорттау және олардың транзиті тәртібі бойынша ұсынымдар дайындау;
3) қорғаныс өнеркәсібі;
4) қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін қарау жөніндегі міндеттер жүктеледі.";
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы (қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі);";
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы (қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, хатшы (қорғаныс мәселелері жөніндегі).";
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;".
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
