1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі мен қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы "30" наурыздағы № 35-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | Р.З. Мұхаметқали |
2. | "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2026 жылғы сәуір | А.Б. Қасенов |
3. | "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
4. | "Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
5. | "Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | Е.Д. Кочетов |
6. | Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
7. | Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізетін сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын және оның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
8. | Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді келісу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
9. | Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы сәуір | А.Ж. Сыдықов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.
