2026 жылғы 22 – 24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммитті дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 6-ө Өкімі.

      2026 жылғы 22 – 24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммитті дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін шешу үшін:

      1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 22 – 24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммитті дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.

      2. Ұйымдастыру комитеті 2026 жылғы 22 – 24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммитті жоғары халықаралық деңгейде дайындау мен өткізуді ұйымдастыруды, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың оны дайындау мен өткізу жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 6-ө өкіміне
қосымша

2026 жылғы 22 – 24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммитті дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі

      "Халықаралық "жасыл" технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Орталық Азия климаттық қорының бас атқарушы директоры, Климаттың өзгеруі және "жасыл" энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық офистің басшысы (келісу бойынша)

      "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады