"Абай облысында гидроэлектр станциясын салу (Семей ГЭС)" жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдайтын ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 156-ө Өкімі

      "Абай облысында гидроэлектр станциясын салу (Семей ГЭС)" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдайтын ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы ай сайын 25-ші күнге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізіп тұрсын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  2025 жылғы 29 қыркүйектегі
  № 156-ө өкіміне
  қосымша

"Абай облысында гидроэлектр станциясын салу (Семей ГЭС)" жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдайтын ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлерді дамыту және бақылау бөлімінің меңгерушісі

      Абай облысы әкімінің орынбасары

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады