Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 111-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілер тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісіне орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісіне орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 21 шілдедегі
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы
 
 

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орын
дау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы, уақтылы әзірлеуге және қабылдануына жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын ұйымдастыру жүйесін бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

2.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК
(келісу бойын
ша)

2025 жылғы
тамыз

Ә.С. Алтынбаев

3.

"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚМА
(келісу бойын
ша)

2025 жылғы
тамыз

Ә.А. Сағындықов

4.

Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

5.

Қазақстан Республикасы аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

6.

Қазақстан Республикасының қатынас жолдарын техникалық бүркемелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

КМ

2025 жылғы
тамыз

М.Қ. Қалиақпаров

7.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2025 жылғы
тамыз

К.А. Тұрсынбаев

8.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

9.

"Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

10.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2025 жылғы
тамыз

Б.Т. Әленов

11.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

КМ

2025 жылғы
тамыз

М.Қ. Қалиақпаров

12.

"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ӨҚМ

2025 жылғы
тамыз

И.Ш. Шархан

13.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы

Бірлескен бұйрық
 

Қорғанысмині, КМ

2025 жылғы
тамыз

Қ.А. Әбубәкіров,
 
М.Қ. Қалиақпаров

14.

Қатынас жолдарына әскери-техникалық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

Қ.А. Әбубәкіров

15.

Әскери қатынастар органдары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

Қ.А. Әбубәкіров

16.

Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс саласында тексерулер тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен оның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

17.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 990 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
нің бұйрығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

С.Б. Қамалетдинов

18.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 595қбп бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі
нің бұйрығы

Қорғанысмині

2025 жылғы
тамыз

Қ.А. Әбубәкіров

19.

"Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың əскери тасымалдарды орындау жəне ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 582қбп бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2025 жылғы
тамыз

М.Қ. Қалиақпаров

20.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғаныс объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулысы

ЖАО

2025 жылғы
тамыз

Бірінші басшылардың орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады