"2026 жылы Астана қаласында "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 164-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 107-ө Өкімі

      "2026 жылы Астана қаласында "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 164-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен құрылған 2026 жылы Астана қаласында "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 9 шілдедегі
№ 107-ө өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 164-ө өкіміне
қосымша

2026 жылы Астана қаласында "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорттық турниріне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тең басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Транстелеком" акционерлік қоғамы филиалының басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазспортинвест" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      "Qazaq Cybersport Federаtion" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады