"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттік қорын құру
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22
желтоқсандағы N 1447
P941447_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi
республикалық ведомствоаралық кеңес мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Отаров К.М. - Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық
қолдау қорының президентi, Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң
орынбасары, Кеңес төрағасы
Меңдiоразов Т.М. - Қазақ агроөнеркәсiп банкi басқармасы
төрағасының бiрiншi орынбасары, Кеңес
төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелерi:
Григорук В.В. - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер
орталығының бөлiм меңгерушiсi
Дүзбаева М.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару
департаментi басқармасы бастығының мiндетiн
атқарушы
Жананов Е.Е. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi басқармасының бастығы
Жамбакин Ж.А. - "Қазагро" Қазақстан фермерлерi ұлттық
федерациясының бас директоры (келiсiм
бойынша)
Жанатов К.Ж. - Қазақстан Республикасы Аграрлық одағының
төрағасы (келiсiм бойынша)
Сәулейбай Н. - Қазақстан Республикасының Экономика және
сауда министрлiгi аумақтық саясат
департаментiнiң бөлiм бастығы
Мұхамбеталин К.Т. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
ақша-несие саясаты басқармасының бас
қазынашысы
Старостенко Г.Г. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң
несие беру басқармасының бастығы (келiсiм
бойынша)
Шаихова А.Н. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
басқармасының бастығы
2. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мәселелерi жөнiндегi Республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 133 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
