Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң
Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-тармақ күшiн жойған деп танылсын;
2-қосымшадағы:
Ауыл шаруашылығына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық
займын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес құрамына мыналар
енгiзiлсiн:
Дамитов К.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Еламанов Б.Д. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасының Еңбек және
әлеуметтiк қорғау министрi
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Құрманғалиев С.Ш. - Қазақстан Республикасының Баға және
монополияға қарсы саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Романов А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң бiрiншi орынбасары;
аталған құрамнан С.С. Әйiмбетов, П.И. Крепак, Г.А. Марченко,
А.С. Павлов, П.В. Своик, Г.Г. Штойк, Е.Ә. Өтембаев шығарылсын;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 448 қаулысының 2-тармағы күшiн жойған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 желтоқсан N 1531
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
