Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк
қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 216-құжат) мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк
қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссияның құрамына:
А.С Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрiнiң бiрiншi орынбасары -
Қазақстан Республикасының Инвестициялар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
төрағасы, Комиссия төрағасының
орынбасары
А.Қ Қасымов - Қазақстан Республикасы Үкiмет Аппараты
Басшысының орынбасары - Аумақтық даму
бөлiмiнiң меңгерушiсi, Комиссия мүшесi
болып енгiзiлсiн;
В.В Соболев, Н.А Шәйкенов, С.И Шуткин аталған құрамнан
шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 желтоқсан N 1465. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 855 қаулысымен. ~P000855
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
