"Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi тендерлiк комиссиясының шешiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 тамыздағы N 1016 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының атауы "және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының" деген сөздерiмен толықтырылсын;
қаулының мәтiнiнде "акционерлiк қоғам" деген сөздер "компания" деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспесiндегi және 1-тармақтағы "Алматыэнерго" деген сөзден
кейiн "және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының" деген
сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ "1996 жылғы 10 тамыздағы сатып алу-сату Келiсiмiне
1996 жылғы 4 қазандағы толықтыру" деген сөздермен толықтырылсын;
2 және 4-тармақтар "және оған толықтырумен" деген сөздермен
толықтырылсын;
аталған қаулының қосымшасында:
"Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк
бiрлестiгiнiң мүлiктiк кешен ретiнде жабық тендерде сатылған
кәсiпорындарының тiзбесi мыналармен толықтырылсын:
Есiк электр желiлерi кәсiпорны
"Алматыэнергожөндеу" өндiрiстiк-жөндеу кәсiпорны
Алматы жылы-жай комбинаты
<*>
.
Қапшағай гидроэлектростанциясы
Әлеуметтiк сала объектiлерi
<*>
.
<*>
. Ескерту. Сатып алушының Меншiк иесiмен келiсiмi бойынша.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
