1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикада
компьютерлiк лотереяларды қоса, мемлекеттiк лотереяларды ұйымдастыру
мен өткiзу жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында оларды
ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
бiр ай мерзiмде республикада мемлекеттiк компьютерлiк
лотереяларды өткiзу жөнiндегi инвестор-ұйымдастырушыны айқындауға
арналған тендер өткiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
