1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнен "Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын қайтарып алсын;
"Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 65-бабына сәйкес аталған
акционерлiк қоғамдарды жалпы жиналыстарда тарату туралы мәселелердi
шешсiн.
2."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12
мамырдағы N 656 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1145
қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
