1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп оның құрамынан "Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын "Севказэнергоремонт" өндiрiстiк кәсiпорнының, Павлодар 2-ЖЭО-ның, Павлодар 3-ЖЭО-ның және аймақтық электрлiк және жылу тораптарының бөлу балансына сәйкес мүлiктiк кешендерiн бөлу жолымен қайта ұйымдастырсын;
бiр ай мерзiм iшiнде мүлiктiк кешендер базасында акционерлiк қоғамдар құрсын;
Павлодар облысының әкiмiне құрылған акционерлiк қоғамдардың
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және
билiк ету құқығында берiлсiн.
<*>
Ескерту. 1-тармақтың 4-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.
11.07. N 1355 қаулысымен.
P961355_
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне жүктелсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.11.07.
N 1355 қаулысымен.
P961355_
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
