"Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрылымдық бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 қазандағы N 1279 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысының әкiмiне құрылған акционерлiк қоғамдардың
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және
билiк ету құқығында берiлсiн";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiне жүктелсiн".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
