1. "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының 1996 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне оның республикалық бюджетке төлемдерi бойынша берешегiн өтеу есебiне 63586 (алпыс үш миллион бес жүз сексен алты) мың теңге сомада өзi шығарған өнiмдi беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оны қаржыландыру есебiне аталған сомадағы өнiмдi алған соң, қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып, республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша "Сельхозмаш" акционерлiк клмпаниясы кәсiпорындарының берешегiне есептеме жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жол тарифтерi үшiн есеп айырысуларды әскери тасымалдау құжаттары бойынша қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
"10" қазандағы
N 1249 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне техника жеткiзу есебiне
есептеуге қабылданған "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы
кәсiпорындарының берешек сомасы
(мың теңге)
________________________________________________________________
Кәсiпорын іҚосымша іЭкономиканыіЕсептеуге қабылданған
атауы іқұнға іқайта іреспубликалық бюджетке
ісалынатыніжаңғырту ітөленетiн төлем жиыны
ісалық іқоры і
________________________________________________________________
"Тоғызақ мехзаводы" 2000 5062 7062
АҚ, Комсомолец
поселкесi,
Қостанай облысы
"Целинсельмаш" АҚ, 3750 - 3750
Ақмола қаласы
"Алматы" "Поршень" 52774 52774
заводы" АҚ, Алматы
қаласы
________________________________________________________________
Барлығы: 58524 5062 63586
