Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк
қызметтi реформалау жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 216-бап) мынадай өзгерту
енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтi
реформалау жөнiндегi комиссияның құрамына:
Райымов С.Р. - Мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiндегi
комиссия хатшылығының меңгерушiсi;
Дорофеева В.Н. - Комиссия хатшылығының сектор меңгерушiсi,
жауапты хатшы болып енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 тамыз N 1051. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 855 қаулысымен. ~P000855
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
