Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк
қызметтi реформалау жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 216-бап) мынадай өзгерту
енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтi
реформалау жөнiндегi комиссияның құрамына:
Райымов С.Р. - Мемлекеттiк қызметтi реформалау жөнiндегi
комиссия хатшылығының меңгерушiсi;
Дорофеева В.Н. - Комиссия хатшылығының сектор меңгерушiсi,
жауапты хатшы болып енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi