1. Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық саны 18,5 адам болып бекiтiлсiн.
2. Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шетел валютасымен лауазымдық жалақысы 2500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын жалақысының негiзiнде штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге шетел
валютасымен олардың жалақы қорынан 3 процент мөлшерiнде қаржы аудару
белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi
Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шығыстар сметасын 1996 жылға
арналған республикалық бюджетте көзделген шет елдердегi жаңа және
жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң қаржысы
көлемiнде бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
