1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
республикалық бюджет пен Республикалық ұлан үшiн жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған және республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар мердiгерлiк ұйымдар арасында жалпы сомасы 7123872 (жетi миллион бiр жүз жиырма үш мың сегiз жүз жетпiс екi) теңгеге қосымшаға сәйкес бiр жолғы есептеу жүргiзсiн;
аталған соманы қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдар орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары жөнiндегi кредиторлық берешектi өтеуi үшiн Республикалық ұланды қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Республикалық ұлан қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдар
орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн кредиторлық берешектi,
қаржыландыру кезiнде, бюджеттен бөлiнетiн қаржы есебiне есептесiн.
3. Қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдар Республикалық
ұланның дебиторлық берешегiн республикалық бюджетке жасалатын
төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеуiнiң есебiне есептесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 10 сәуiрдегi
N 418 қаулысына
қосымша
Республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi
орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн Республикалық
ұланның кредиторлық берешегiн өтеу есебiне қабылданатын
мердiгерлiк ұйымдардың
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Рет Салық төлеушi | Төлем түрлерi бойынша республикалық
N кәсiпорындардың атауы | бюджетке берешегiнiң сомасы\теңге
_____________________________________
|Қосымша |Заңды тұлға. |Экономиканы
|құнға |лардан алына.|жаңғырту қоры
|салынатын|тын табыс |бойынша
|салық |салығы |
|бойынша |бойынша |
___________________________________________________________________
1. "Алматыоблтяжстрой"
акционерлiк қоғамы
а) "Қайнар" шағын
мемлекеттiк кәсiпорны 291642-00
2. "Югсантехмонтаж"
акционерлiк қоғамы 2145053-00 - 109623-00
3. "Құрылыс материалы"
акционерлiк қоғамы 2237799-00 -
4. "Алматыстройтранс"
акционерлiк қоғамы 2339755-00 -
___________________________________________________________________
Жиыны 6722607-00 291642-00 109623-00
____________________________________________________
Жиыны | Салықтық есепке тiркелген
| орны
____________________________________________________
291642-00 Алматы облысы
Энергетический поселкесi,
Iле ауданы
2254676-00 Алматы қаласы
Москва ауданы
2237799-00 Алматы қаласы
Түркiсiб ауданы
2339755-00 Алматы қаласы,
Әуезов ауданы
____________________________________________________
7123872-00
