1. <*>
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.12.26.
N 1634 қаулысымен.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып, халықты әлеуметтiк қорғаудың жергiлiктi органдарында Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры iстерi жөнiндегi бөлiмшелердi құрсын, оларды ұстауға жұмсалатын шығыстар тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
"Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерi саны, еңбек ақы қоры және қызметтiк iс-сапарларға арналған шығындары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 1901 қаулысымен белгiленген жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерiнiң жалпы саны мен еңбек ақы қорына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын басқару үшiн 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау органдары қызметкерлерiнiң қосымша адам саны мен айлық жалақы қоры белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының, салалық және тәуелсiз кәсiподақтардың 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бар қаражатын, сондай-ақ осы қордың белгiленген тәртiппен архивке тұрақты сақтауға өткiзiлмеген есептерiн, баланстарын, нормативтiк актiлерiн, әдiснамалық материалдарын Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне беру ұсынысы қабылдансын.
5. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры аппаратын орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ғимаратындағы үй-жайларды босату мақсатында, Кәсiподақтар федерациясына Қазақстан Республикасы Мүгедектерi ерiктi қоғамын және фашизмнiң бұрынғы тұтқындарына өтемақы төлеу жөнiндегi Қазақстан Республикасындағы "Өзара түсiнiстiк пен татуластық" украин ұлттық қорының өкiлдiгiн көшiруге өздерi орналасқан алаңды беру ұсынылсын.
6. Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақтан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Еңбек министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қоры туралы ереженi және Қордың қызметiн ұйымдастыру үшiн қажеттi
басқа да нормативтiк актiлердi бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және
бекiтуге табыс етсiн.
7.
<*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.12.26.
N 1634 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 наурыздағы
N 359 қаулысын
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Зейнетақы қоры iстерi жөнiндегi бас басқарма
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры iстерi жөнiндегi бас
басқарма
Қаржы-экономика басқармасы
Зейнетақылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру басқармасы
Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру басқармасы
Протездеу және ақпараттық қамтамасыз ету iстерi жөнiндегi
басқарма
Заң және ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
Бухгалтерлiк есепке алу бөлiмi
Аударма және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс басқармасы
Iс басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 наурыздағы
N 359 қаулысын
2-қосымша
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорын басқаруға
арналған халықты әлеуметтiк қорғау органдары
қызметкерлерiнiң қосымша саны және еңбекақының
айлық қоры
___________________________________________________________________
Облыстардың | Қызметкерлер саны| Еңбекақының айлық
атаулары | (бiрлiк) | қоры
| | теңге есебiмен
___________________________________________________________________
Ақмола 41 126625
Ақтөбе 43 128875
Алматы 33 101875
Атырау 27 83875
Шығыс Қазақстан 48 151125
Жамбыл 43 133375
Жезқазған 40 125125
Батыс Қазақстан 43 128875
Қарағанды 54 169625
Қызылорда 29 96250
Көкшетау 44 133000
Қостанай 55 170250
Маңғыстау 22 71125
Павлодар 50 155250
Солтүстiк Қазақстан 36 109375
Семей 44 131875
Талдықорған 38 116125
Торғай 30 92500
Оңтүстiк Қазақстан 64 199625
Алматы қаласы 36 117125
___________________________________________________________________
Барлығы 820 2541875
