1. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 60 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 4 орынбасарын, соның iшiнде бiреуi бiрiншi, сондай-ақ саны 7 адамдық алқа ұстауға рұқсат берiлсiн <*> .
<*> Ескерту: 2-тармағында өзгертулер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
01.17.1996 ж. N 63 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратына 5 қызметтiк жеңiл автомобилi лимитi белгiленсiн <*> .
<*> Ескерту: 3-тармағында өзгертулер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң
01.17.1996 ж. N 63 қаулысымен.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 маусымдағы N 819 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 21,
238-бап) қаулысының 3,5,14-тармақтары;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13
маусымдағы N 819 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31
шiлдедегi N 1043 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,
N 26, 309-бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1806 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Ынтымақтастық стратегиясы және ұйымдастыру басқармасы
Экономикалық ынтымақтастықты дамыту басқармасы
Көпжақты және екi жақты шарттарды жүзеге асыру басқармасы
Әлеуметтiк бағдарламалар және экология саласындағы
ынтымақтастық басқармасы
Ұйымдастыру-қаржы басқармасы
