1. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны шегiнде 71 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 13 адам алқа ұстауына рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 1 қыркүйектегi N 976 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1-тармағында "және оның аппаратының құрылымын" (N 2 қосымша)
сөздерi алынып тасталсын;
7-тармағының және "Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы" туралы
2-қосымшасының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1796 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
министрлiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Энергетика басқармасы
Көмiр және атом өнеркәсiбi басқармасы
Экономикалау басқармасы
Ғылыми-техникалық прогресс бөлiмi
Инвестициялық саясат бөлiмi
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
Кадр бөлiмi
Режим және әскери-жұмылдыру жұмысы жөнiндегi бөлiм
Аппараттың жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма
