1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 113 адам болып бекiтiлсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.27. N 359 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне министрдiң 4 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқасы болуына рұқсат етiлсiн. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1996.
03.27. N 359 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚР Үкiметiнiң
1996.03.27. N 359 қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1107
қаулысының;
"Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрiнiң қосымша бiр орынбасарын енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 559
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы
19 желтоқсандағы
N 1785 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Басшылық
Зейнетақы қоры iстерi жөнiндегi бас басқарма
Қаржы-экономика басқармасы
Зейнетақылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру басқармасы
Әлеуметтiк көмек басқармасы
Протездеу iстерi және ақпаратпен қамтамасыз ету басқармасы
Заң және ұйымдастыру-кадр жұмыстары басқармасы
Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Аударма және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлiмi
Жалпы бөлiм
