1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебiне Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан оқудың бiр жылдық циклiне /1995 оқу жылы/ 15 адам мөлшерiнде тыңдаушылар қабылдау жариялансын, бұл орайда министрлiктер, комитеттер және ведомстволар аппаратының басшы қызметкерлерi /басқарма бастығынан төмен емес/, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегi өкiлеттi және атқарушы органдардың қызметкерлерi қатарынан тиiстi министрлiктер /ведомстволар/ мен облыстар әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша 7 тыңдаушы қабылдансын.
Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне ҚМЭБИ/ҰЖМБМ-ның Қамқоршылар Кеңесiмен келiсе отырып, жұмыс стажы бар аспиранттардың, жоғары оқу орындары түлектерiнiң, сондай-ақ төлем жасау негiзiнде түсушiлердiң қатарынан 15 адам мөлшерiнде қосымша тыңдаушылар қабылдауға рұқсат етiлсiн.
Тыңдаушыларды қабылдау, түсу емтихандарының нәтижелерi бойынша конкурстық негiзде, ал төлем жасау негiзiнде түсушiлермен-әңгiме өткiзу қорытындылары бойынша жүзеге асырылсын.
2. Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы "8" маусымдағы
N 794 қаулысына
қосымша
Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару Мектебiне
/ҰЖМБМ/ тыңдаушылар қабылдау жөнiндегi
қабылдау комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Сембаев Д.Х. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
төрағасы, төраға
Висанти Кристиан - ҰЖМБМ-ның қоса атқарушы-директоры,
төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi
Жүкеев Т.Т. - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы
Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстан Республикасы Халық банкi
Басқармасының төрағасы, ҚМЭБИ және
ҰЖМБМ Қамқоршылар Кеңесiнiң мүшесi
Малиновский В.А. - Конституциялық соттың судьясы
Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
Пирожников Г.И. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Аппараты Кадр саясаты бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Пепенин А.С. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi Аппараты Кадрлар бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Пан Л.Ю. - ҰЖМБМ-ның конкурстар және емтихандар
қызметiнiң жетекшiсi
