1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 30 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ұлттық патент ведомствосына төрағаның 1 орынбасарын, сондай-ақ
5 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ұлттық патент ведомствосының орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк
жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 9 қарашадағы
N 1246 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Ұлттық патент ведомствосы орталық
аппаратының
Құрылымы
Өнертабыстары мен пайдалы модельдердi сараптау бөлiмi
Тауар белгiлерi мен өнеркәсiп сараптау бөлiмi
Тіркеу және мемлекеттiк тiзiлiм бөлiмi
Лицензиялар, халықаралық қатынастар және құқық бөлiмi
Жарнама-баспа және АИПС-ты енгiзу бөлiмi
Жалпы бөлiм
