1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 68 адам болып бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын
қорғау министрлiгiне Министрдiң 2 орынбасарын, сондай-ақ құрамы
7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын
қорғау министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл
автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 9 қарашадағы
N 1241 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық және басшылық жанындағы аппарат
Мұнай және газ жөнiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудi
және игерудi талдау мен болжау басқармасы /жетекшi/
Қатты пайдалы қазбалар жөнiнде жер қойнауын геологиялық
зерттеудi және игерудi талдау мен болжау басқармасы /жетекшi/
Экономика, қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп басқармасы
/жетекшi/
Жер қойнауын қорғау басқармасы /жетекшi/
Гидрогеология бөлiмi /жетекшi/
Нормативтiк-құқықтық сектор
Бiрiншi бөлiм
Кадр бөлiмi
