1. 1994 жылдың 20 қазанынан бастап мұнай сатудан алынған
түсiмнен төленетiн тiркелген /ренталық/ төлемдердiң ставкалары
"Маңғыстаумұнайгаз", "Өңқазмұнайгаз" акционерлiк қоғамдарына
15 процент, "Теңiзмұнайгаз", "Ембiмұнай" акционерлiк қоғамдарына
10 процент, "Қаражанбастерммұнай", "Ақтөбемұнай" акционерлiк
қоғамдарына 5 процент мөлшерiнде белгiленсiн.
2. "Мұнай мен көмiрге тiркелген ренталық төлемдердiң
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 мамырдағы N 498 қаулысының /Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 221-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
