1. Алматы облысының "Көктем" курортының округ шекарасы және тазалық сақтау аймақтары қосымшаға сәйкес белгiленсiн. <*>
Ескерту. <*> Осы қаулыға қосымша (курорттың картасы) Қазақстан Республикасының Кәсiподақтары Федерациясы кеңесiнiң Санаториялық-курорттық мекемелер бiрлестiгiнде және Алматы облыстық әкiмшiлiгiнде.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi,
Экология және биоресурстар министрлiгi, Кәсiподақтары Федерациясы
кеңесiнiң Санаториялық-курорттық мекемелер бiрлестiгi, Алматы
облысының әкiмi аталған курорттың тазалығы мен тазалық сақтау
округiнiң шекарасындағы тазалыққа және табиғи емдiк құралдарды
қорғауға тұрақты бақылауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
