Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына
байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы"
1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы
(айлық ақысы) туралы" 1994 жылғы 18 мамырдағы N 530 қаулысына сәйкес
белгiленген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5
есе өсiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 мамыр N 547. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.25. N 787 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
