Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына
байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы"
1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан
Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы
(айлық ақысы) туралы" 1994 жылғы 18 мамырдағы N 530 қаулысына сәйкес
белгiленген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5
есе өсiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi