"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы № 787 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 291-жолда:

      5-бағанның 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамы туризм, шағын өнеркәсіп аймақтары және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық мақсаттарына (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және қаржыландыру үшін";

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты Астана қаласы, "ОҢТҮСТІК" аймақтық инвестициялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және "Ырыс" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – Түркістан облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – Маңғыстау облысы, туризм, шағын өнеркәсіп аймақтары және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері саласындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық мақсаттарына (кіші саланы көрсетпей) инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамына – Жетісу облысы, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – Қызылорда облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – Астана қаласы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – Павлодар облысы, туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – Абай облысы, "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (кіші саланы көрсетпей)" бағыты бойынша Абай облысындағы "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Ақмола облысындағы "KOKSHE" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Алматы облысындағы "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Атырау облысындағы "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Шығыс Қазақстан облысындағы "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Жамбыл облысындағы "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысындағы "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қостанай облысындағы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қызылорда облысындағы "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Маңғыстау облысындағы "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Павлодар облысындағы "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Түркістан облысындағы "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Ұлытау облысындағы "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Шымкент қаласындағы "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Қалалық қызметтер орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2027 жылға дейін, Маңғыстау облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Жетісу облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Жетісу облысында туризм, шағын өнеркәсіп аймақтары мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының инвестициялық мақсаттарына (кіші саланы көрсетпей) қаржыландыру үшін "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамына – 3 жыл мерзіммен (2026 – 2029 жылдар), Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге айналым қаражатын толықтыруға (кіші саланы көрсетпей) кредит беру және туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Астана қаласында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Павлодар облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – 2028 жылдың соңына дейін, Абай облысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына – 2029 жылғы 21 қаңтарға дейін, "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға кредит беру (кіші саланы көрсетпей)" бағыты бойынша Абай облысындағы "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты Ақмола облысындағы "KOKSHE" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Ақтөбе облысындағы "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты, Алматы облысындағы "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Атырау облысындағы "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Шығыс Қазақстан облысындағы "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Жамбыл облысындағы "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Батыс Қазақстан облысындағы "Aqjaiyq" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қостанай облысындағы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Қызылорда облысындағы "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Маңғыстау облысындағы "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Павлодар облысындағы "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Түркістан облысындағы "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Ұлытау облысындағы "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына, Шымкент қаласы "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына қатысты 3 жыл мерзіммен (2026 – 2029 жылдар)".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады