"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 771 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 319-жолда:

      5-баған мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:

      "33) Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының "Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны";

      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – шекара маңы аумақтарында, Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының "Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – Алматы қаласы";

      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "үнемі, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының "Алматы қаласының салынып жатқан қалалық рельсті көлік дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 3 жыл".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады