Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 764 қаулысы

      Ескерту. Екі жыл бойы қолданыста болады – осы қаулының 4-тармағымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 21), 22) және 23) тармақшаларының негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын, сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат етілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып ұсынуды қамтамасыз етсін;

      2) ақпараттың жаңартылу шамасына қарай мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтар көрсетілген сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жіберіп тұрсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады