Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 736 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 18 тамыздағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

"Барыс" республикалық құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ".

      2. "Министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерінде, сондай-ақ министрлер орынбасарларының шекті санында:

      қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2), 54-3), 54-4) және 54-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "54-1) шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      54-2) шағын көлемді кемеде кеме құжаттарының болуын тексереді;

      54-3) жеке және заңды тұлғалардың шағын көлемді кеменің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдауды жүзеге асырады;

      54-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда шағын көлемді кемелерді әкімшілік ұстауды жүзеге асырады, шағын көлемді кемелерді жете тексеруді жүргізеді;

      54-5) мемлекеттік органдарға көлік оқиғаларының, шағын көлемді кемені пайдалану қағидаларын бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;";

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады