Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 270-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
"38) "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Qazcontent" акционерлік қоғамына – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2029 жылғы 30 сәуірге дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2029 жылғы 6 сәуірге дейін";
реттік нөмірі 279-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 34) тармақшамен толықтырылсын:
"34) "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2030 жылғы 11 тамызға дейін, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне − 3 жыл, "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2029 жылғы 6 сәуірге дейін".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
