"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 717 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      73-19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-19) Қазақстан Республикасындағы шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары, халықаралық және шетелдік оқу орындары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      111-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "111-5) коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу;";

      148-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "148-3) мемлекеттік тапсырысты орындайтын не бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілеріне еңбекақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 177-58), 177-59), 177-60), 177-61), 177-62), 177-63), 177-64), 177-65), 177-66), 177-67), 177-68), 177-69), 177-70), 177-71), 177-72), 177-73), 177-74), 177-75), 177-76), 177-77) және 177-78) тармақшалармен толықтырылсын:

      "177-58) ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-59) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми жабдықты пайдалану және ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханаларға, академиялық артықшылық орталықтарына қолжетімділік беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-60) ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      177-61) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы венчурлік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-62) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық негізділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      177-63) ұлттық ғылыми кеңестер қараған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын мониторингтеу қорытындыларын бекіту;

      177-64) ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемін (құнын) бекіту;

      177-65) ғылыми қалашық пен ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегиясының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын тұлғаны айқындау;

      177-66) ғылыми қалашық пен ғылыми-технологиялық паркті дамыту стратегияларының іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-67) ғылыми қалашыққа қатысушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-68) мүдделі мемлекеттік органдармен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша ғылыми қалашыққа қатысушыларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;

      177-69) ғылыми қалашыққа қатысушыларды тіркеуді, тiркеу туралы құжат пен нысанды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-70) тиісті саланың уәкілетті органымен бірлесіп ғылыми-технологиялық парк қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын оның даму стратегиясын әзірлеу;

      177-71) Қазақстан Республикасының аумағында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелдік оқу орындарын Қазақстан Республикасында тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      177-72) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын келісу;

      177-73) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту;

      177-74) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына бекіту;

      177-75) сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің әртүрлі ауқымдағы карталарын әзірлеу және қолдану қағидаларын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

      177-76) мүдделі мемлекеттік органдармен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша тиісті саланың уәкілетті органымен бірлесіп ғылыми қалашық қызметінің басым ғылыми бағыттарын қамтитын ғылыми қалашықтың даму стратегиясын әзірлеу және келісу;

      177-77) төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша талаптарды орындайды;

      177-78) ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде төменгі лауазымдарға орналасу үшін даярлықты аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша оқу аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеу тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Министрлік аппараты басшысының өкілеттігі:

      1) Министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) Министрліктің, оның ведомстволарының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;

      5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің бірінші басшысымен келісу бойынша Министрліктің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      9) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      11) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      12) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;

      13) Министрліктің бюджеттік сұранымды дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;

      14) Министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

      15) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;

      16) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және отыз екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады