Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
"1-бөлім. Инвестициялық жобаларды (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 01-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
01 | Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету | 01.1 | Бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру | 01.11 | Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру |
01.12 | Күріш өсіру | ||||
01.13 | Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру | ||||
01.14 | Қант қамысын өсіру | ||||
01.16 | Тоқыма дақылдарды өсіру | ||||
01.19 | Өзге де бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіру | ||||
01.2 | Көпжылдық дақылдарды өсіру | 01.21 | Жүзім өсіру | ||
01.22 | Тропикалық және субтропикалық жемістерді өсіру | ||||
01.23 | Цитрус жемістерін өсіру | ||||
01.24 | Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру | ||||
01.25 | Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтар өсіру | ||||
01.26 | Құрамында майы бар жемістерді өсіру | ||||
01.27 | Сусындар өндірісіне арналған дақылдарды өсіру | ||||
01.29 | Басқа да көпжылдық дақылдарды өсіру | ||||
01.3 | Өсімдіктерді молайту | 01.30 | Өсімдіктерді молайту | ||
01.4 | Мал шаруашылығы | 01.41 | Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру | ||
01.42 | Басқа да ірі қара малды және енеке өсіру | ||||
01.43 | Жылқы және басқа да жылқы тұқымдас жануарларды өсіру | ||||
01.44 | Түйе және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру | ||||
01.45 | Қой және ешкі өсіру | ||||
01.46 | Шошқа өсіру | ||||
01.47 | Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру | ||||
01.49 | Жануарлардың басқа түрлерін өсіру | ||||
01.6 | Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және мал шаруашылығына ықпал ететін қызмет және өнім жинаудан кейінгі қызмет | 01.62 | Мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін қызмет | ||
01.64 | Егуге арналған тұқымды өңдеу қызметі |
"
мына:
"
42 | Азаматтық құрылыс | 42.1 | Автомобиль және теміржолдар құрылысы | 42.11 | Жолдар мен автомагистральдар құрылысы |
42.12 | Теміржолдар және метро құрылысы | ||||
42.13 | Көпірлер мен туннельдер құрылысы | ||||
42.2 | Инженерлік ғимараттардың құрылысы | 42.21 | Таратушы инженерлік объектілердің құрылысы | ||
42.22 | Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған тарату объектілерінің құрылысы | ||||
42.9 | Өзге де инженерлік ғимараттар құрылысы | 42.91 | Су ғимараттарының құрылысы | ||
42.99 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік ғимараттар құрылысы |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
46 | Автомобильдер мен мотоциклдер саудасын қоспағанда, көтерме сауда | 46.2 | Ауыл шаруашылығы шикізатының және тірі малдың көтерме саудасы | 46.23 | Малдың тірідей көтерме саудасы |
"
мына:
"
68 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.01.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. |
";
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
71********* | Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қыз-мет | 71.2 | Техникалық сынақтар және талдаулар | 71.20.4 | Геология саласындағы зертханалық-талдамалық зерттеулер |
";
"2-бөлім. Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:
"
мына:
"
Бөлім | Бөлімнің атауы | Топ | Топтың атауы | Сынып | Сыныптың атауы |
"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
01 | Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қыз-меттерді көрсету | 01.6 | Астықты өңдеу жөніндегі қызмет және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және мал басын көбейтуге ықпал ететін қызмет | 01.62 | Мал шаруашылығын дамытуға ықпал ететін қызмет |
"
мына:
"
35 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 35.1 | Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу | 35.11 | Жылу және ядролық (атом) электр станцияларының электр энергиясын өндіруін қоспағанда, басқа электр энергиясының өндірісі |
"
деген жолдардан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
46 | Автомобильдер мен мотоциклдер саудасын қоспағанда, көтерме сауда | 46.2 | Ауыл шаруашылығы шикізатының және тірі малдың көтерме саудасы | 46.23 | Малдың тірідей көтерме саудасы |
"
мынадай мазмұндағы тоғызыншы жолмен толықтырылсын:
"********* – технологиялық жабдықтарды, оған арналған қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштарды импорттауға ғана қатысты.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | О. Бектенов |
