Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2026 жылға мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13, 14 және 15-жолдармен толықтырылсын:
"
13 | "Қызылорда – Сексеуіл" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау/салу | 832425731000 теңге | 2026 –2050 жылдар |
738638000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі |
14 | Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында II техникалық санаттағы "Бейнеу –Сексеуіл" автомобиль жолын салу | 779662000000 теңге |
2026 –2050 |
686104000000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстанның Даму Банкі |
15 | "Ұлғайсын – Сексеуіл" (KAZ 06 РФ шекарасы (Самара) – Шымкент) республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау | 762153600000 теңге | 2026 –2050 жылдар |
762153600000 теңгеге дейін (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына баламалы), оның ішінде | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Қазақстанның Даму Банкі |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
