Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесіндегі реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | "Qarmet" АҚ | Бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепке алынған |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
