"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 574 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Министрлікке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";

      14-тармақта:

      1) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қолданыстағы заңдармен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;";

      15-тармақта:

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) білім беруді басқару жүйесіне білім беру мониторингін және цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы цифрлық объектілерді ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;

      9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы цифрлық объектілерге қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      16) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "рухани білім беруге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;";

      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру бөлігінде білім беру жүйесін басқару органдарын цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      103) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын және астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысын үйлестіру;";

      111-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "111-13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің "Қазақстан ғылымы" бірыңғай цифрлық жүйесі немесе ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алу тәртібін айқындау;";

      115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "115) салалық уәкілетті органдардың, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;";

      153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "153) орталық және астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;";

      161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "161) мемлекеттік тілді оқытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған қызметті цифрландыруды, ІТ-жобаларды әзірлеуді және қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету;";

      168) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "168) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;";

      173) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "173) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолдану;";

      174), 175) және 176) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "174) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттардың мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу;

      175) лицензиарларды, лицензиялар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      176) біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен, цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу, нормативтік құқықтық актілерді бекіту;";

      177-20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-20) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;";

      177-51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-51) жетекшілік ететін бағыттарда технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қарау үшін енгізу;";

      177-56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-56) венчурлік қорларды қоса қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 177-57) тармақшамен толықтырылсын:

      "177-57) ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады