"Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 534 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 126 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2026 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:

      "

12

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және Еуропалық инвестициялық банктің кредиттік желісі есебінен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жоба

554 345 186 872 теңге

2026-2033 жылдар

394 048 580 000 теңгеден аспайды (қарыз валютасындағы қарыз алу сомасына балама)
2026 жылы:
80 879 310 000 теңге (Еуропалық инвестициялық банк);
27 221 699 000 теңге (Қазақстанның Даму Банкі)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қазақстанның Даму Банкі және Еуропалық инвестициялық банк

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады