"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 422 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әдістеменің 6-тармағы 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 21 мамырдағы
№ 422 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 30 маусымдағы
  № 521 қаулысымен
бекітілген

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі

      1. Осы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін есептеуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайтын ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыруға қажетті, осы әдістемеге сәйкес айқындалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері.

      3. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:

      1) кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 9 %;

      2) міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан ай сайынғы төлемдерді индекстеудің жылдық мөлшерлемесі – 8 %.

      4. Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі мына формула бойынша есептеледі:

      ЕТЖШx0 = 12 × БТx0 × äx0

      мұнда:

      ЕТЖШх0 – х0 жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі;

      БТх0 – х0 жастағы салымшы үшін ай сайынғы төлемнің мына формула бойынша есептелетін ең төмен мөлшері:

      БТx0 = МАКС (mx0 × ЕТЗ; nx0 × ЕТЖМ)

      мұнда:

      ЕТЗ – жасына байланысты зейнетақының "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен мөлшері;

      ЕТЖМ – жалақының "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төмен мөлшері;

      mx0, nx0 – мына формулалар бойынша есептелетін коэффициенттер:

      mx0 = ТӨМ (ЕТТЕТЗ + (x0 - 20) × 2,5%; 200%)

      nx0 = ТӨМ (ЕТТЕТЖМ + (x0 - 20) × 2,0%; 200%)

      мұнда:

      ЕТТЕТЗ – ең төмен төлемнің базалық мөлшерлемесі (ЕТЗ-дан пайызбен), ол 2026 жылы 75 пайызға тең, одан кейін жыл сайын 10 пайызға, бірақ 200 %-дан асырмай ұлғайтылады;

      ЕТТЕТЖМ – ең төмен төлемнің базалық мөлшерлемесі (ЕТЖМ-дан пайызбен), ол 2026 жылы 60 пайызға тең, одан кейін жыл сайын 7,5 пайызға, бірақ 200 %-дан асырмай ұлғайтылады.

      äх0 – ай сайынғы төлемдердің ағымдағы құнының факторы – зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін алушы өмір бойы алып отыратын болашақ зейнетақы төлемдерінің келтірілген (ағымдағы) құнын айқындау үшін қолданылатын коэффициент. Ағымдағы құн факторы әрбір жас когортасы бойынша дисконттаушы фактордың, тиісті дәрежедегі индекстеу мөлшерлемесінің және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа толғаннан кейін алушының өмір сүру көрсеткіштері мен дисконттаушы фактордың және тиісті дәрежедегі индекстеу мөлшерлемесінің көбейтінділері сомасының көбейтіндісі ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда:

      äх0 – х0 жастағы ай сайынғы төлемдердің ағымдағы құнының факторы;

     


      i – кірістіліктің жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

      j – зейнетақы төлемдерін индекстеудің жылдық мөлшерлемесі;

      t px – салымшының x жастан x + t жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамды өлім-жітім кестелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша ерлер мен әйелдердің орташа өлім-жітім коэффициенттері негізінде айқындалады;

      x – міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдері жүзеге асырыла бастайтын салымшының жасы;

      x0 – салымшының өзінің немесе жұбайының (зайыбының), немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы), немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын күнгі жасы;

      t – мәндері 0-ден ∞ дейінгі айнымалы.

      Осы тармаққа сәйкес есептелген зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі он мың теңгеге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.

      5. Ең төмен жеткіліктілік шегі тиісті жастағы адамдар үшін өткен жылғы ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс, ол болжамды инфляция деңгейінен бес пайыздық тармаққа озыңқы түрде индекстеледі.

      Бұл ретте инфляцияның болжамды мөлшерлемесі ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу жүзеге асырылатын күнтізбелік жылға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес айқындалады.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы әдістеме қолданысқа енгізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде кемінде екі баспа басылымында жариялау жолымен 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады