"Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 322 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 478 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      кестеде:

      "Күтілетін нәтижелер:" деген бөлімде:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) авиациялық техникамен қамту аймағын 38,8 %-дан 50,6 %-ға дейін ұлғайту (33-тен 43 бірлікке дейін);

      "5) көлік құралдарының санын 66,8 %-дан 85,4 %-ға дейін (3345-тен 4278 бірлікке дейін) ұлғайту;";

      "Материалдық-техникалық жарақтандыру" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде қаржы лизингі тетігін пайдалана отырып, көлік құралдарын, теңіз кемелерін және арнайы инженерлік техниканы сатып алу

қабылдау-
беру актісі

2023 жыл

ТЖМ, ҰЭМ

9 714 120

РБ

2024 жыл

37 854 371

2025 жыл

23 033 154

2026 жыл

30 007 192

2027 жыл

19 241 194

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде қаржы лизингі тетігін пайдалана отырып, авиациялық техниканы сатып алу

қабылдау-беру актісі

2024 жыл

ТЖМ, ӨҚМ, ҰЭМ

110 881 076

РБ

2025 жыл

19 361 552

2026 жыл

11 954 081

2027 жыл

57 999 380

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады