"Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 317 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын әкелу (кіргізу) және олардың Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын әкелу (кіргізу) және олардың Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу қағидалары мен талаптарында 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыстағы автокөлік құралы – Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланатын және бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін автокөлік құралы:

      тұрғылықты жері немесе болатын жері Қазақстан Республикасынан тыс жердегі жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі;

      Қазақстан Республикасында тіркелмеген;

      Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген.

      Автокөлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы пайдаланса және:

      оның меншігінде болса;

      Қазақстан Республикасында тіркелмесе;

      Қазақстан Республикасына уақытша әкелсе, ол Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыстағы автокөлік құралы деп саналады;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады